Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Жексенбі, 21 шiлде, 20:41

1 қыркүйектен бастап ит пен мысықты есепке қойып, чиптеу міндетті болады

05.07.2023

582

0

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал үй жануарларының басқа түрлерін, яғни егеуқұйрық, хомяк немесе мини-пигтерді (ергежейлі үй шошқасы – автор түсіндірмесі) есепке алу ерікті негізде жүргізіледі.

Қазақстандықтар үшін электрондық жүйеге жануарлары туралы ақпаратты енгізу – тегін. Дегенмен чип тағу үшін мысық пен ит иелері өз қалтасынан ақша төлеуі тиіс. Оны өтеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қызмет түрі тегін болмақ.

Еnergyprom.kz порталының ақпаратына сай, еліміздің ірі қалаларында мысықтар мен иттерге чип тағу қызметінің бағасы 3,5-8 мың теңге аралығында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: