Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жұма, 29 наурыз, 00:37

1 шілдеде шекті бағалардың мерзімі аяқталады: Бензиннің бағасы өсе ме?

26.05.2022

364

0

Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов жанар-жағармайдың шекті бағасын ұзарту мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

6 қаңтардан бастап 180 күнге мұнай өнімдерінің шекті бағасы енгізілген болатын. Бір литрдің бағасы маркасына қарай 89-260 теңге болуы шарт. 1 шілдеде шекті бағалардың мерзімі аяқталады. Мораторийді ұзарта ма, жоқ па, үкімет те әлі нақты шешімге келген жоқ.

Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновтың айтуынша, қолға алынған шаралардың нәтижесінде ішкі нарық толығымен қамтамасыз етілді. Барлық зауыт жұмыс істеп тұр.

«Шілде айынан бастап жаңа бағалар болады деп айта алмаймын. Жұмыс атқарылып жатыр. Алдымен шекті бағалар мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылады. Мәселен, А-92 маркалы бензинді бөлек қарастырып жатырмыз. Себебі халық оны көп алады. Біз есеп-қисап жүргізіп, АИ-92 бойынша мерзімді ұзартатын шығармыз», – деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, осы саланың барлық қатысушысымен талқылау өткізу керек. Бәрі бір келісімке келгеннен кейін шешім қабылданады.
Қазақстанда 1 шілдеге дейін енгізілген жанар-жағармайдың шекті бағалары:

  • Аи-80 маркалы бензин – 89 теңге;
  • Аи-92 мен Аи-93 маркалы бензин – 182 теңге;
  • Аи-95 маркалы бензин – 215 теңге.
    Дизельді отын (жазғы және маусымаралық):
    Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары – 260 теңге;
    Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар мен Түркістан облыстары – 230 теңге.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: