Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Дүйсенбі, 24 маусым, 19:16

1 шілдеден бастап интернет қымбаттайды: Қазақтелекомға ескерту берілді

26.05.2024

275

0

«Қазақтелеком» АҚ 1 шілдеден бастап тарифтердің қымбаттануына байланысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі компанияға ескерту жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қазақтелеком» үй интернеті қызметтерін, сондай-ақ ұялы байланысы бар пакеттік қызметтерді қамтитын тіркелген байланыс бойынша 51 мұрағаттық тарифтік жоспарға өзгерістер туралы хабарлаған еді.

Бұған байланысты Кәсіпкерлік кодекстің 198-бабының 1-тармағына сәйкес бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты заңнаманы бұзуға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жолдаған.

«Қазақтелеком» АҚ 2024 жылғы 20 мамырында өзінің интернет-ресурсында 2024 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтердің көтерілуі туралы ақпарат жариялады. Байланыс туралы заңнамаға сәйкес байланыс қызметтеріне тарифтерді байланыс операторлары тек негізделген шығындар бойынша белгілейді», – делінген агенттік хабарламасында.

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап архивтегі тарифтік желінің кейбір тарифтік жоспарларының бағасы көтерілетіні хабарланды. 51 тарифтік жоспардың бағасы 5500 бен 11000 теңге аралығында бекітілген. Бұл бағалар үйдегі интернет пен ALTEL, Kcell тарифтеріне әсер етеді.

Фото: “Қазақтелеком” АҚ баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: