Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 22:01

1 шілдеден бастап курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді

26.04.2023

362

0

1 шілдеден бастап қазақстандық курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді. Мұндай пилоттық жобаны Қаржы министрлігі дайындаған, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

Ведомство өкілі бұл жобаға барлығы қатыса бермейтінін, тек тілек білдірушілер қатысатынын нақтылады. Ол үшін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Содан кейін операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табыстың 1 пайызын алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, елімізде 500 мыңнан аса курьер бар. Мысалы, Сергей Белов бірнеше жылдан бері жеткізу қызметінде. Ол айына жарты миллион теңге табатынын жеткізді. Оның айтуынша, ол салық төлеуге міндеттелсе де, бұл қалтасына ауыр салмақ болмайды.

«Бұл жақсы бір жағынан, қорғаламыз. Курьерлер айына 400 мың теңгені оңай табады. Сондықтан ақша тапқан әрбір курьер өзін де, отбасын да асырай алады. Бұл ең төменгі шегі», – дейді курьер Сергей Белов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: