«Қазгидромет» РМК 12 мамырда ел өңірлерінде қалыптасатын күн райына болжамын жариялады.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Күндіз еліміздің батысында бұршақ жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман болжанады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі болжанады», – делінген синоптиктер мәліметінде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!