Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 12:32

2024 жыл Қазақстандағы қандай кәсіп түрлері үшін сәтті болмақ?

31.12.2023

1391

0

Астролог Динара Құрманның айтуынша, 2024 жыл бірнеше маусымға созылған күрделі кезеңнің соңы болады. Өйткені, 2013-2017 жылдары ел экономикасы алға қарай жылжыса, 2018-2019 жылдары құлдыраған, 2020 жыл бүкіл әлемді дүр сілкіндірген суыққа байланысты құлдыраудың ең қиын маусымы болған. 

«2024 жылдың бірінші жартысында Айдаһар әлемге шаттана қарайды, бұл экономиканың жандануына оң әсер береді. Дегенмен тамыздан кейін экономика қарқыны баяулайды, бірақ бұл сәттілік алдындағы тоқырау болуы мүмкін», – деп түсіндірді маман.

2024 жылы табысқа кенеліп, сұранысқа ие болатын салалар:

банк секторы;
жоғары технологиялар;
бизнес-процестерді автоматтандыру жүйелері;
автомобиль жасау;
машина жасау;
сұлулық индустриясы (тері күтімі);
фармацевтика;
биотехнология.
Сонымен қатар, медиа, сән, экология, жасыл энергетика, байланыс, логистика сияқты бағыттарда қаржы ағыны жақсы болады.

Ойын-сауықты жандандыру, мейрамхана бизнесі, концерттік қызмет, түрлі мәдени және іскерлік іс-шаралар, шығармашылықпен байланысты барлық сала жаңа серпін алады.

Дереккөз: Massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: