МӘМС жүйесіне бес жыл төлем жасағаннан кейін жарна аударуды тоқтатқан тұлғалардың сақтандырылғаны туралы мәртебесі алты айға дейін сақталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Өзгеріс 2026 жылдан бастап күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұрын бұл кезең үш ай болатын.
«2026 жылдан бастап МӘМС жарналарын бес жыл ішінде өз бетінше және үзіліссіз төлеген азаматтар үшін төлем жасау уақытша тоқтағаннан кейін «сақтандырылған тұлға» мәртебесін сақтаудың жеңілдікті кезеңін алты айға дейін ұзарту көзделген», – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік хабарламасына сүйенсек, бұл шара халықты МӘМС жүйесімен барынша қамтуға және уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарды қолдауға бағытталған.
Ескеретін жайт – «сақтандырылған тұлға» мәртебесін жоғалтпау үшін төлем жасалмаған кезеңдер үшін жарналарды төлеу қажет.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!