Қазгидромет синоптиктері 26 қыркүйек, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.
Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, шығысында жаңбыр мен қар жауады.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!