Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:51

28 шілде – Бүкіләлемдік гепатитке қарсы күрес күні

26.07.2022

530

0

Бауыр циррозынсыз созылмалы «В», «С» және «D» вирустық гепатиті диагнозы қойылса, не білуіңіз керек?

Егер сіз Д-есепте тұрсаңыз, осы аурулар кезінде медициналық көмек тегін және толық көлемде – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.

Динамикалық бақылау туралы не білуіңіз керек?

Орта медицина қызметкері тексеруді 3 айда 1 рет жүргізеді

БМСК дәрігерінің қарауы – 6 айда 1 рет болады

Қандай бақылау зерттеулерінен өту керек?

Тромбоциттермен қанның жалпы талдауы – 6 айда 1 рет

Қанның биохимиялық талдаулары: аланинаминотрансфераза(АЛТ), аспартатаминотрансфераза(АСТ), фракциялар бойынша жалпы билирубин, креатинин, Альфа-фетопротеин (АФП) – 6 айда 1 рет

Коагулограмма: халықаралық нормаланған қатынас (ХНҚ) – 6 айда 1 рет

«В» вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) полимеразды-тізбекті реакция сапалы, оң нәтиже кезінде «В» вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) ПТР жүргізу сандық – 6 айда 1 рет

Бауыр УДЗ – жылына 1 рет

Бауырдың жанама импульсті эластометриясы (Фиброскан) – 2 жылда 1 рет

«B», «С» (F2 фиброз сатысында) және «D» созылмалы вирустық гепатиті кезінде пациенттер өмір бойы диспансерлік есепте тұрады.

Созылмалы «С» вирустық гепатитінде (фиброз сатысында F1-ден кем) пациенттер элиминация, яғни ауру толық жойылған жағдайда ғана есептен шығарылуы мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: