Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 9 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
«ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі: жаңбыр жауады; батыста түнде қатты жаңбыр болып, найзағай ойнайды. Республика бойынша екпінді жел соғып, солтүстік-батыста және шығыста тұман түседі.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Атырау облысының орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі болады» делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!