Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 01:00

Абай облысында орман өрті оқшауланды

26.05.2023

393

0

Абай облысында төрт күн бұрын басталған орман өрті ауыздықталды.

Өрт 22 мамыр күні Ресейдің іргелес аумағындағы дала өртінен ауысқан. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тілсіз жау кеше сағат 18:32-де оқшауланған.

Бородулиха ауданында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. 25 мамыр күні үкімет отырысында өңірдегі жағдай күн тәртібінен тыс қаралған болатын.

Последствия лесного пожара в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2023

ТЖМ мәліметінше, орман өртін сөндіруге үш ведомствоның 10 тікұшағы жұмылдырылды. Тәулігіне 52 рет 130 тонна су ағызылды (барлығы 298 рет, 745 тонна су).

Орманда 800-ден астам адам, 200-ден аса техника және бір өрт сөндіру пойызы тілсіз жаумен күресіп жатыр. Үш учаскеде авиация және автомобиль техникасы пайдаланылуда.

Жалын 3500 гектар аумақты шарпыды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: