Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Жұма, 26 сәуiр, 07:41

Абылай Мырзахметовке ауыр айып тағылып, қамауға алынды

11.05.2023

309

0

10 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметкерлері «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы А.И.Мырзахметовті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, А.И.Мырзахметов алаяқтық жасап, кәсіпкерді ірі көлемде пара беруге итермелегені үшін ұсталған.

Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде.

«ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», деп қосты ведомство өкілдері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: