Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Дүйсенбі, 26 қыркүйек, 05:08

«АДАЛДЫҚТЫҢ АЛЫП АЙНАСЫ – ҚАЛТАЙ МҰХАМЕДЖАНОВ»

09.09.2022

36

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Адалдықтың алып айнасы – Қалтай Мұхамеджанов» атты тақырыпта кезекті адалдық сағаты өтті.

Бір мезетте өңірдің 135 мектебіндегі оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылған адалдық сабағындағы дәрісті  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы мен Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарыІзімбетов Әзизбек Жәнібекұлы өткізді. Қазақстанның халық жазушысы, драмматург, «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы, «Парасат» ордендерінің иегері – Қалтай Мұхамеджанұлының қазақ еліне сіңірген еңбегі мен парасаттылық пен адалдық толы ғұмыры дәріс барысында еске түсіріліп, жас ұрпаққа қандай да бір жетістікке жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығы насихатталды.

Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Оқушылар сабақ соңында айтылған ақпараттар мен көрсетілген бейнеролик бойынша өз пікірлерін білдіріп, бірқатар сауалдарына жауап алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: