Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Бейсенбі, 20 наурыз, 02:20

Адам папилломасы вирусы

19.03.2025

69

0

Адам папиллома вирусы — бұл бір вирус емес, 200-ден астам түрі белгілі туыстас вирустар тобы. АПВ-ның кем дегенде 14 түрі жатыр мойны обырынтудыруы мүмкін.

Адамдар папиллома вирусын әртүрлі жолмен жұқтырады. Мысалы, қол алысу немесе жыныстық қатынас арқылы.

АПВ-ны жұқтыру оңай, сондықтан адамдардың 80%-ы өмірінде бір рет болса да осы вирусты жұқтырады. Жұқтырғаннан кейін вирус ағзада ұзақ уақыт тіршілік ете алады, бірақ бұл адам ауырады дегенді білдірмейді. Өзінде вирус бар екені туралы білмеуі де мүмкін. Егер адамның иммунитеті жақсы болса, ауру белгілері болмауы мүмкін. Көп жағдайда адамның қорғаныс жүйесі вирусты бірнеше ай немесе бірнеше жылдың ішінде жойып жібере алады. Бірақ кейде вирус адам ағзасына еніп, қөбейіп, сол кезде қатерлі ісік немесе обыр тәрізді қауіпті аурулар пайда болады.

АПВ вирусын әйелдер де, еркектер де жұқтырады. АПВ-ның бір түрінен аяқ пен қолда сүйел пайда болады, бұл жағымсыз, бірақ оңай емделеді. Ал бір түрі үшкір кондилома тудырады, олар адамның жыныс мүшелерінде пайда болатын, тері түстес қатерсіз без. Бұларды емдеу сүйелдерді емдеуге қарағанда қиынырақ, бірақ емдеуге болады. Ал «Қатерлі» типті вирус бәрінен де қауіпті. Барлық жағдайда жатыр мойнының қатерлі ісігін адам папилломасы вирусының 16-түрі немесе 18-түрі туғызатыны дәлелденген. Вакцинация – тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс! Вакцинация ерлерге де, әйелдерге де жасалуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% – дан астамға төмендетеді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11- 13 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жүргізілуде. Вакцинация тегін, Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. АПВ вакцинасы 6 айлық аралықпен 2 рет егіледі. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары

АПВ вакцинасын әлемнің 110-нан астам елінде, оның ішінде Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары сияқты көршілес елдерде егуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: