Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Сәрсенбі, 19 ақпан, 03:10

Адам папилломасы вирусы дегеніміз не?

16.01.2025

216

0

Адам папилломасы вирусы-бұл теріні және дененің әр түрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы.

Вирус жылдам таралуға қабілетті,қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып,соның салдарынан,қатерлі ісік дамытумен қауіпті.

Жыл сайын Қазақстанда 1900 ға жуық жатыр мойны обырының жаңа жағдайлары тіркеледі.600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмды.

Біздің елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.

Адам папилломасы вирусы адамнан адамға келесі жолдармен беріледі:

1.Тұрмыстық жанасу жолымен – қол алысу,сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін.Вирус ылғалды ортада тез таралады,сондықтан қоғамдық орындарға-сауналарға,моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда өзіңізді ұқыпты ұстағаныңыз дұрыс.

2.Жыныс жолымен-Вирустың онкогенді типтері жыныстық жолмен берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын ұшы сүйір сүйелдерді тудырады.

3.Тікелей жолмен туу кезінде-Вирус анадан сәбиге оның босануы жолдарымен өту кезінде беріледі.Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.

4.Өзіне-өзі жұқтыру кезінде- Адам папилломасы вирусы қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне жиі ауысады.

Адам папилломасы вирусын емдеу жолы жоқ, алдын алудың бірден бір әдісі-бұл вакцинация.

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады. Дүниежүзінің 135 мемлекеттерінде жасалынады.

2024 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстанды 11 жасар қыз балаларға Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр.

  • Адам папилломасы вирусы-на қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекен жайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді.
  • Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса,дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.
  • Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина дельта тәрізді иық бұлшық етіне,бұлшық ет ішіне енгізіледі.
  • Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса,дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.
  • Адам папилломасы вирусына қарсы вакциналар иммунитеті әлсіреген адамдар үшін қауіпсіз.

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаның құрамында тірі вирустар жоқ. Вакцинаның құрамында ағзаға түскенде иммунитетті белсендіретін жекелеген вирус ақуыздары бар.

Өз кезегінде , иммундық жүйе жасушаларымен адам папиломасы вирусымен күресуге бағытталған антиденлерді өндіріледі. Осыған байланысты,вакцина обырды тудыруға қабілетсіз.

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік қызметіне ықпал етпейді және бедеулікке әкеп соғуы еш мүмкін емес, ол әлемнің дамыған елдерінде көп жылдық клиникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Бұл клиникалық дәлеледенген бір де бір дерек болмаса да,қоғамда белсенді қауесеттік қарқынмен таралып кеткен жаңылыс пікірлерінің бірі.

Вакцина салғаннан кейін иньекция орнының ауырсынуы,қызаруы және/немесе ісінуі, бас ауыруы немесе болмашы қызба сияқты ағзаның жеңіл түрдегі реакциясы болуы мүмкін. Олар әдетте,бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылады.

Адам папилломасы вирусы ауруына қарсы алғашқы вакцина 2006 жылдан бастап пайда болған бүкіл әлемде 100 миллионнан астам адамға екпе егілген, осы мақсатта вакцинаның 270 миллионнан астам дозасы пайдаланылды, бұл күрделі теріс реакциялар тудырмады.

Адам папилломасы вирусына қарсы 6,11,16,18-4 типінен қорғайтын 4-валентті вакцина болады.

Қыздарымыздың денсаулығы тек өз қолымызда!

Жалағаш аудандық санитариялық

эпидемиологиялық бақылау басқармасының

басшысы Г.С.Аймбетова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: