Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 12:23

Адамдар үшін ең жоғары рұқсат етілген шу деңгейлері

22.12.2022

599

0

Ғалымдар шудың адамдардың жан тыныштығын әлсіретіп, бұзып қана қоймай, денсаулығына да қауіп төндіретінін дәлелдеді. Жыл сайын шудың әсерінен ұйқысыздық, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандар саны артып келеді.  Соңғы жылдары ғалымдар мен дәрігерлер үнемі шулы ортада болу  фобиялар(үрей) мен агрессивтіліктің (ашушаңдық) себебі болатынын анықтады, өйткені қатты дыбыс адамды шаршатады және оған үйрену мүмкін емес. Соңғы зерттеулерге сәйкес, жоғары қарқынды дыбыс ауырсынуды тудырады.

Адам тыныш ортада өмір сүруі керек, өйткені. тұрақты шу денсаулыққа зиян. Фондық шу  жиелігі күндіз 55 дБ   және түнде 45 дБ –ден  аспауы керек (қалыпты әңгіме). Дегенмен, бізді үнемі қоршап тұрған шудың  жиелігі  әлдеқайда жоғары. Тұрақты шу әсіресе жұмыста және әуежайлар, тирлер, вокзалдар және т.б. маңында тұратын адамдар үшін қауіпті. Егер адам үнемі шулы ортада жұмыс істесе немесе өмір сүрсе, аздаған шудың өзі оған зиян тигізуі мүмкін. Ерекше сезімтал адамдарда сағаттың соғуы тіпті ұйқысыздықты тудыруы мүмкін. 85 дБ  жиелігі  рұқсат етілген шудың ең жоғары деңгейі – есту рецепторларына зақым келтіру мүмкіндігі бар шек. Дискотекаларға және рок-концерттерге келушілерде қайтымсыз есту қабілетінің жоғалуы орын алуы мүмкін, өйткені мұнда дыбыс  жиелігі  130 дБ  асады.

Көршілермен қарым-қатынасты бұзбаңыз. Егер сіз оларға жоспарланған жөндеу немесе үй мерекелері туралы алдын ала ескертсеңіз, олар кешірімді болады.

Ұйқы үшін  тыныш орта қажет, өйткені бөгде дыбыстар ұйқы фазаларына(кезендеріне)  теріс әсер етеді. Ұзақ уақыт бойы түнгі шу денсаулықтың әртүрлі бұзылуы мен неврозды тудыруы мүмкін.

Радионың дыбыс деңгейі бүкіл үйде емес, бір бөлмеде ғана естілетіндей болуы керек. Қатты және шулы музыка әуесқойларына құлаққап  кию ұсынылады. Пәтердегі барлық жөндеу жұмыстары тек күндізгі уақытта жүргізілуі керек.

О.Аханов,

Жалағаш аудандық СЭББ-ның басшысы:

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: