Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 08:19

АЭС: Штаб мүшелері медицина саласының өкілдерімен кездесті

23.09.2024

367

0

АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық халықтық штаб өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов және Мұрат Ергешбаев медицина саласының өкілдерімен кездесті.

Басқосуда еліміздегі атом энергетикасын дамыту тиімділігі мен пайдасы талқыланды. Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында да атом энергетикасын іске асыру, елдегі электр қуаты жетіспеушілігінің алдын алу мәселесі сөз болған еді. Жалпы, бүгінде оңтүстік өңірлерде электр қуаты жетіспеушілігі салдарынан қажетті тоқ көзін шетелден сатып алудамыз. Еліміздегі күн сайын өсіп жатырған моно қалалар мен мегаполистер, ауқымды құрылыс жобалары және демографиялық ахуал электр қуатына деген сұранысты арттыруда. Соның негізінде, еліміздің жер қойнауындағы уранды бейбіт атом өндіру үшін пайдалану – бүгінгі күннің басты қажеттілігіне айналды.

Жиында сөз алған штаб мүшесі Мұрат Әбенов: «Бірнеше жыл бұрын Корей мемлекетінде болып, олардың атом энергетикасын өндіру технологиясымен таныстым. Атом станциясы маңында қуатты дамыған қалаларды байқадым. Ең қызығы, станцияның маңайында жеміс-жидек сатып отырған азаматтарды да көзім шалды. Сонда, уранды өндеу кезінде оның бар зияны, тарататын радиациясы сол жерде қалатынын, атом энергетикасының маңайындағыларға зияны тимейтініне көзім жетті. Жалпы, адамзат баласы қолданып жүрген кез келген нәрсенің өзінің зияндығы бар. Ұшақ та радиация бөледі, желдеткіштің ішіндегі фрион да улы заттардың бірі. Бірақ, жоғарғы технологияның арқасында олар арнайы бактың ішінде өңделіп, зияны жақын жерге тарамайды, – деді.

Бүгінде қоғам тарапынан атом станциясынан тарайтын радиацияның әсері кеңінен талқылануда. Бұл мәселе бойынша ғалымдар, атом станциясының III+ буынының радиция әсерінің адам баласына зияны жоқ екенін айтуда. Атом технологиясын дамыту сатысында радиация әсері мүлде жойылатынын атап өтуде.

Атом станциясының халықаралық стандарттары жайлы сөз қозғаған штаб мүшесі Мұрат Ергешбаев: МАГАТЭ ұйымы ғаламдағы атом станциясылының халықаралық заңдылықтарға сай салынуын, жұмыс жасауын қадағалайды. Қоғамдық санада радиациялық қауіп туралы стереотип сақталуда. Осы жерде айта кететін жайт, радиацияланған ядролық отын қалдық емес, қайта өңдеу нәтижесінде пайдалы материалдардың 90%-дан астамын қайта пайдалануға болатындығын атап өтті.

Ал, халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов энергетикалық қажеттілік төңірегінде ойымен бөлісті.

«Энергетика саласында көп жылдан бері еңбек еткендіктен, қоғам үшін электр қуаты қажеттілігінің маңызды екенін білеміз. Осыдан біршама жыл бұрын қаламызда бірнеше сағаттап жарық болмай қалған кездер бәріміздің есімізде. Дегенмен, өздеріңізге белгілі қаламызда жаңадан жылу-электр орталығы салынуда. Түркия елінен келген инвесторлар 215 млрд. теңгеге жылуды да, электр көзін де өндіретін орталық салуда. Олар келер кезде біз қажетті құрылғылардың сапалы, төзімді, қауіпсіз болуы жайлы талап қойдық. Олар талапты қабылдап, өңірімізге инвестиция құйды. Дегенмен, өңірдегі электр қуатының жетіспеушілігі бұнымен шешілмейді. Бір атом станциясының өзі 12 пайыз қажеттілігімізді өтей алады», –деді.

Кездесуде медицина саласының өкілдері атом энергетикасының адам денсаулығына әсері, мамандарды даярлау, атом құрылысы және халықаралық шарттар жайлы сауалдар жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.

АЭС.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: