Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 10:48

Аймақ басшысы дүбірлі дода жүлдегерлерін жеңісімен құттықтады

12.07.2022

302

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов пен «Алтайдай жер қайда?» атты халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыс өнерінің ақберені Мұхтар Ниязовты қабылдады.

Аймақ басшысы Сыр саңлақтарын және Мақсаттың бапкері, қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Болатбек Кенеевті жеңісімен құттықтап,қос аймақ жұртының риясыз алғысын жеткізді.

«Әрбір жүрек түбінде жаңғырар алау сезім, ұлы күш болады. Ұлт даналығы «Ер – намысының құлы» деп бекер айтпаған. Осы ұлттық намыс бізді жеңіске жетелейді, қаһармандыққа бастайды. Бүгінгі бауырларымызды да осы қасиет оздырды. Әрине, ұшқыр да ұтқыр ұлдарымызды қалай ұлықтасақ та жарасымды. Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың мамыр айында мәдениет пен спорт саласы бірігіп, ірі құрылымға айналды. Ол – бірліктің белгісі, оның ерекшілігі – егіз. Сөзімнің дәлелі, Мақсат пен Мұхтардың үйлесімді жеңісі», – деді облыс әкімі.

Басқосу барысында аймақ басшысы Мақсат Исағабыловқа 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, Мұхтар Ниязовқа ақ боз ат мінгізді.

Өз кезегінде қос саңлақ алғаусыз алғысын арнаған Сыр жұртына зор ризашылығын білдіріп, байрақты бәсекелер мен сөз аламанында аймақтың жүлде тайқазанына олжа салатынын жеткізді.

Kyzylorda-news.kz. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: