Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сенбі, 20 тамыз, 09:44

Аймақ басшысы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабыловты құттықтады

04.07.2022

80

0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде жеңіске жеткен қызылордалық Мақсат Исағабыловтың жеңісімен сыр жұртшылығын құттықтады.

«Қадірлі жерлестерім!
Жеңісіміз құтты болсын!
Елдің берекесі бірлікте. Кешегі Референдумда да Қызылорда облысының екінші тұғырға көтерілгені бірліктің нәтижесі еді. Бүгін ел намысын ер көтерген күн болды. Қуанышқа құшақ толатын мерейге жеттік.
Ұлттық күрестің ұлық жолы -«Қазақстан барысы» балуандар сайысында жерлесіміз Мақсат Исағабылов бас жүлдені қанжығаға байлап, Сыр елінің абыройын асқақ етті. Жарайсың, жампозым!
Ел рухын биік ұстаған Мақсат бауырымды барша Сыр жұртының атынан елеулі жеңісімен құттықтаймын! Жығылмаған жауырынның жеңісі құтты болсын!
Сыр елінің абыройы асқақ, мәртебесі биік болғай!», – делінген аймақ басшысының құттықтауында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: