Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Бейсенбі, 02 мамыр, 20:52

Аламесек ауылдық окрігіндегі дәрігерлік амбулатория құрылысына мониторинг жұмыстары жүргізілді

05.09.2023

342

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қанбибі Асқарова, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Еркебұлан Мақсұтов аталған ауылдағы дәрігерлік амбулатория құрылысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын 10 жұмысшы жасап жатыр, іргетасын қалау жұмыстары аяқталып 05 қыркүйектен бастап кірпіш қалау жұмыстары басталады. Жергілікті жерден 10 жұмысшы тарту жоспаралануда. «Асар» ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2023 жылдың қараша айы.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында қамтылған нысанның уақытылы аяқталуы, сапасы партия бақылауында болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: