Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 09:51

Алғаш конференция делегаты атандым

29.09.2022

497

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында партияның филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы болды. Аталған конференция жұмысына алғаш қатысуым. Мен үшін партия белсендісі болу зор қуаныш.


Конференция делегаты етіп «Мырзабай ахун ауылдық округі» БПҰ жиналысында партияластырымның дауыс беріп ұсынуы арқылы бүгінгі саяси күннің куәсі атандым.
Бүгінгі жиынға партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымының жетекшілері, «Жастар рухы» ЖҚ мүшелері, «AMANAT» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат депутаттары және партия белсенділері қатысты.


Бүгінгі басқосуда партияның жаңа құжаты болып табылатын Саяси тұғырнамаға партияластар болып өз ұсынысымызды жеткіздік. Менің жаңа Саяси тұғырнаманың жобасынан байқағаным негізгі тұстары адам, қоғам, мемлекетке арналған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: