Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:23

Алматыда жер сілкінісі кезінде үш адам көпқабатты үйдің терезесінен секірді

23.01.2024

323

0

Алматыда жер сілкінісі нәтижесінде 8 адам зардап шекті, бір тұрғының жағдайы ауыр, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, түнгі сағат 03:00-тегі жағдай бойынша 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.

«Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген. Медициналық тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр», – деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ, үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар да амбулаториялық емдеуге жіберіледі.

Бұған дейін басқарма өкілдері емдеу мекемелеріне тұрғындардың жүгінбегенін жеткізген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: