Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жұма, 26 сәуiр, 12:27

«AMANAT»: Аманжол Оңғарбаев фракция жетекшісі болып сайланды

30.03.2023

362

0

Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының алғашқы отырысы өтті.

Жиынды партияның облыстық филиалы төрағасы Наурызбай Байқадамов ашып, фракция мүшелерін мандаттарымен құттықтап, алдағы ел аманатын атқару жолындағы жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар партия алдында тұрған ортақ мақсаттар мен нәтижелерге жету үшін бірігіп, жұмысты жоғары деңгейде жүргізуге шақырды.

Жиынның күн тәртібінде депутаттық фракция жетекшісі мен орынбасарын сайлау туралы, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы лауазымына және Қызылорда облыстық мәслихатындағы тұрақты комиссия төрағасы лауазымына кандидатура ұсыну туралы мәселелер қаралып, фракцияның алдындағы міндеттері пысықталды.

Атап өтейік алқалы жиында фракция мүшелері Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісіне бірауыздан Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлын және фракция жетекшісінің орынбасарлығына Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлын сайлады.

Жалпы өткен сайлау қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясы облыста жақсы нәтижеге қол жеткізіп, мәслихаттардағы басым орындарды иеленіп отыр. Мәселен, облыс бойынша 152 мандат болса, соның 124 – «AMANAT» партиясы, 81% құрайды. «AMANAT» партиясынан 124 мандаттың 25-і облыстық мәслихат, 99 – ы қалалық және аудандық мәслихат мандаттарының бөлінісінде.

338138500_209121838396463_8835246433257856629_n.jpg
338015235_597331778718874_6364885041359620387_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: