Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:27

Ананы құрметтеу міндет

13.05.2024

390

0

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов Аналар күніне орай өңірдегі отбасылық өмір, ұрпақ тәрбиесімен қатар қоғамдық өмірде де белсенділік танытып жүрген ақжаулықты аналарды қабылдап, мерекемен құттықтады. Жиында Ғани Кенжеғараұлы аяулы аналардың барлық құрметке лайық екенін жеткізіп, олардың отбасындағы, қоғамдағы орнына ерекше тоқталды.

– Адамзат үшін анадан құдіретті, анадан ардақты ешкім жоқ. Сондықтан әлемдегі ең жоғары мадақ пен құрмет аналар қауымына арналады. Осыған орай биылдан бастап Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі «Аналар күні» мерекесімен толықты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Бұл – ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет» деп ананы қорғау мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін айқындап берді. Сіздерге қандай құрмет көрсетсе де артық болмайды, – деді ол.
Ауданда аналар қауымын бір ұйымға біріктіріп, аналарымыздың қоғамға белсене араласуына жағдай жасап, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрі­мізді ұлықтап жүрген аудандық аналар кеңесінің орны ерекше. Олардың қатысуымен елді мекендерде мәнді, тағылымды шаралар жиі ұйымдас­тырылуда. Жиында отбасы мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген аналарға аудан әкімінің алғысы мен сыйлықтар табысталды.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: