Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 06 желтоқсан, 19:55

Апостиль қоюдың қағидалары

13.11.2023

505

0

Апостиль дегенміз – құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба болып табылады. Ол бізге не үшін керек, деген сауал туындауы мүмкін. Жалпы апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми органдары мойындайды.

Бұған байланысты қажетті құжаттар тізбесі мен оның қолданылуы, өтініш беру үлгісі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің шешімімен қабылданған 2020 жылғы 13 сәуірдегі «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» туралы заңнамада айқын көрсетілген.

 Аталған заңнамаға сәйкес бұл мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде өтініш бере алады. Құжаттарды апостильдеуге өтінім түскеннен кейін соттың жауапты қызметкері сот органдарынан шыққан ресми құжаттың шынайылығын, қол қоюшының қолынын сәйкестігін, соттың мөртаңбасының түпнұсқаға сәйкестігін, арнайы үлгілерге қарап, тексеру жұмыстарын жүргізеді.

 Яғни, еліміздің барлық өңірлерінде сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін сол өңірдің сотына тікелей барып немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарының филиалдарына жүгіну керек.

 Өтініштерді мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жолдайды. Сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және қызмет көрсетуші Қағидада енгізілген тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жібереді.

 Аккасинов Рахат

Аудандық сотының бас маманы

«Қазақстан Заңгерлер» одағының мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: