Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Жұма, 29 наурыз, 16:19

«Ақ жол» партиясы президенттік сайлауға төрт кандидатты қарастыруда

06.10.2022

287

0

Елордада президенттікке кандидат ұсынуға байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясының съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кеше біздің партияның отырысы өтті. Кеңес мүшелері кезектен тыс президенттік сайлауға «Ақ жол» демократиялық партиясының қатысуы туралы ұсыныс жасады», деді партия төрағасы Азат Перуашев.

Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша әзірге бірауыздан шешім жоқ.

«Біз бұл мәселе бойынша ортақ пікірге келе алмадық. Съезд дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Осы мәселені сіздердің назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Бір партия бола отырып, бір кандидатты таңдау мәселесін бәріміз шешуіміз керек деп есептеймін», деді ол.

Үш үміткердің қатарында журналист Сандуғаш Дүйсенова, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Асқар Садықов бар.

«Сонымен қатар партиялық кеңесте кейбір әріптестеріміз қазіргі Президентті қолдауға ұсыныс білдірді. Мұндай пікірмен санасу керек», деп түйіндеді сөзін А.Перуашев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: