Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 22 мамыр, 20:08

Аралда облыстық ат бәйгесі өтті

09.10.2022

510

0

Арал қаласындағы ипподромда Толыбай батырдың 250 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық ат бәйгесі (тай жарысы, құнан және аламан бәйгелері) өткізілді.

Алдымен шараға қатысқан аудан басшысы Серік Сағитжанұлы сөз алып, игі дәстүрдің жалғасымен батыр бабамыздың 250 жылдығына орай халқымызбен бірге біте қайнасып кеткен ат бәйгесіне қатысқалы отырған шабандоздарға сәттілік тіледі.
Облыстың әр өңірінен келген шабандоздар жалдарынан жел есіп, атқан оқша зулаған сәйгүліктерінің қарымын осы дүрмекте сынап көрді.

Тай бәйгесінде ауыздықтарымен алысқан 15 ат 2 айналым бойынша 5 шақырым қашықтықта додаға түсті. Сәйгүліктердің ішінен  Шижаға ауылынан келген Төреахметов Базарәлінің(шабандозы-Әсет) «Алау» атты торы жылқы бірінші келді. Ал Қызылорда қаласының азаматы Дүйсенбеков Сайфулланың(шабандозы-Әбубәкір Бауыржан) қосқан қара «Ақбақайы» мәре сызығын екінші, Қармақшы ауданының Ақай ауылынан келген Кенебаев Ерболаттың(шабандозы-Нұрым Жалғасәлиев)  жылқысы «Ақ-жайнақ» үшінші болып кесті. Жүлделі IV орынды Арал қаласының азаматы Нұрлыбайұлы Рамазанның(шабандозы-Ерасыл) «Нұр-қасқа» атты күреңі иеленсе,  V орынды Жаңақорған ауданынан келген Мұсылманқұлов Алматтың(шабандозы-Еркін Диас) торы жылқысы «Арафаты» олжалады.

Құнан бәйгесінде 9 ат 6 айналым бойынша 12 шақырым қашықтықта жарыс жолына шықты. I орынды  Шиелі ауданынан Шорабаев Әбдіғанидің(шабандозы-Әуесхан Дамир)  қосқан кері «Айда» атты тұлпары, II орынды Шижаға ауылынан келген Төреахметов Базарәлінің(шабандозы-Ерасыл) күрең-қасқасы «Ақбөкен», III орынды Құмбазар елді мекенінен келген Якудаев Қожабектің(шабандозы-Нұрым) аты «Қозы күрең», ал IV орынды Қармақшы ауданынан келген Ыбыраев Айболдың(шабандозы-Дінмұхаммед) «Жалбыр торы», V орынды Көктем ауылының азаматы Елмағанбетов Байманның(шабандозы-Бақытжан Байжігіт) торы «Еркетас» иеленді. 

Аламан бәйгесінде 9 айналым бойынша 22 шақырымда 11 тұлпар бақ сынады. 1 орынды Қазалы ауданынан келген Досжанов Қонысбайдың(шабандозы-Ерасыл)  «Абырой» атты торысы иеленді. Арал қаласынан келген Нұрғалиев Сәбитжанның(шабандозы-Ерасыл)  «Ұлы дала» атты торы-төбелі 2 орынды, Қармақшы ауданы Ақай ауылының өкілі Жарманов Әбдімәліктің(шабандозы-Жалғасәлиев Нұрым)  «Көгершін» атты көгі 3 орынды, Қармақшы ауданынан Сағынбаев Ерболаттың(шабандозы-Мақсутұлы Дидар)   «Басбатыр» күреңі 4 орынды, Сексеуіл кентінен Таласов Мейрамбектің(шабандозы-Ербақыт)  «Айыртау» атты күрең жылқысы жүлделі 5-орынға ие болды.

Ат бәйгесінің барлық түрлерінде 5 жүлделі орын тағайындалды. Жеңімпаз және жүлдегер атанған шабандоздарға демеушілер тарапынан тағайындалған жүлделер тапсырылды.

аламан1.jpg
аламан2.jpg
аламан3.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: