Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-8°C

, Сейсенбі, 10 желтоқсан, 00:25

Аралды құтқару халықаралық қорына Қазақстан төрағалық етеді

03.01.2024

528

0

Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалық ету кезегі 2024 жылдан бастап елімізге өтті. Алдағы үш жылда аталған ұйымды Қазақстан басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz.

Құрамына Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан кіретін аталған халықаралық ұйым Арал теңізін құтқаруға және өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, сондай-ақ жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған бірлескен мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырумен айналысады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Орталық Азия мемлекеттерімен, халықаралық ұйымдармен, қаржы институттарымен ынтымақтастықты арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Биыл біз Дүниежүзілік банкпен бірге жүзеге асырылып жатқан Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін бастауды жоспарлап отырмыз. Арал теңізін құтқару – бұл ХАҚҚ-ға қатысушы барлық елдердің бірлескен күш-жігерімен ғана орындалатын міндет. Алдағы үш жылда біз осы бағытта маңызды нәтижелерге қол жеткізуге ниеттіміз», деді министр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: