Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 10:34

Ардагер спортшы атындағы ашық біріншілік

12.09.2023

462

0

Аудан спортында сала ардагері Мақсат Қарақұловтың өзіндік қолтаңбасы барын Жалағаш жұрты жақсы біледі. Өмірінің соңына дейін салаға саналы ғұмырын сарп еткен ардагер спортшының өзі де талай додада топ жарды, шәкірттері ізін басып, байрақты бәсекелерде көк туымызды биіктен желбіретті. Бүгінде аудан спорты алға басса, онда Мақсаттай ағамыздың өзіндік қолтаңбасы жатқанын ешкім жоққа шығара қоймас.

Өткен аптада ардагер ұстазды еске алуға арналған аудандық ашық біріншілік өтті. 150-ге жуық спортшы бақ сынаған дүбірлі дода өткен жыл­дан бері қолға алынған болатын. Дәстүрлі ашық біріншіліктің биылғы ке­зеңінде 12 команда президенттік көп­сайыс спортының 4 түрі бойынша жүлделерді сарапқа салды.


Ашық біріншіліктің ашылу салта­на­тында аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының орын­басары Еркебұлан Жамалатов шара­ның маңыздылығына тоқталып, қа­тысушыларға сәттілік тіледі.
– Бүгінгі шараның өзіндік маңызы бар, спорттан хабары бар аудан хал­қына Мақсат Қарақұлов деген есім етене таныс. Ардагеріміздің салаға сіңірген еңбегі ұшантеңіз. Сон­дықтан бұл тек спорттық қана емес, тағылымды шара деп есеп­теймін. Былтыр қолға алынған ашық біріншіліктің дәстүрлі шараға айна­лып, биыл да аяқсыз қалмағаны көңіл қуантады. Ортамызда өзі бол­маса да, ағамыздан тәлім алып, тә­жірибе шыңдаған спортшылар же­­­­тер­лік. Олардың алды бүгінде ар­да­­гер спортшылардың ізін басты десем қате болмас. Былтыр да тар­тысты доданың куәсі болғанбыз, биыл да қатысушылар шараның көр­кін қыздыруда қарап қалмайды деп ой­лаймын. Баршаңызға сәттілік, кіл мықтылар оза шапсын, – деді Еркебұ­лан Жамалатов.


Жарыста ер азаматтармен қа­тар нәзікжандылар да жүлделі орын­дар­ды сарапқа салуда қарап қал­ма­ды. Алдымен ерлер 100 метр, қыз­дар 60 метр қысқа қашықтыққа жү­гірді. Мұнан кейін граната лақтыру, бір орында тұрып ұзаққа секіруден сынға түсті. Соңында ерлер 2, әйел­дер 1 шақырымға жүгіріп, жүлделі орын­дарға кім лайық екенін анықтады.
Иә, Ерекең айтқандай, жарыс тар­тысқа толы болды. Тіпті кейбір спорт түрінен рекорд жаңартқандар да табылды. Мәселен, ерлер арасында граната лақтырудан Бұқарбай ба­тыр ауылының тұрғыны Нұржан Іс­кендір рекорд жаңартқан. Мамандар гранатаны дәл мұндай ұзаққа лақ­тыру байрақты бәсекелерде де тір­кел­мегенін айтады.
Жарыс болған соң бірінің бабы мен бағы қатар шабады, енді бірінің әттеген-ай дейтін кезі тағы бар. Тартысты додада командалық есеп бойынша І орынды Таң ауылының спортшылары жеңіп алды. Ал мұ­нан кейінгі орынға Дәуімбай елді ме­кеніндегі З.Жарқынбаев атын­дағы №202 орта мектеп спортшы­лары жай­ғасса, үздік үштікті қаракет­кен­діктер түйіндеді.
– Сайыс өте тартысты өтті, біз бұл доданың маңыздылығын жақсы білеміз, сондықтан сайыста қарап қалмадық, ұйымдастырушыларға ал­­­­ғыс айтамыз. Өзім граната лақ­ты­рудан көш бастасам да коман­дам­дағы кейбір сәтсіз­дік­тер салдарынан жүлделі орын­дарға іліне алмадық. Алдағы уақытта қателіктердің ал­дын алып, ол­­қы­лық­­тың орнын тол­тырамыз деген ойдамын, коман­да­ластарыма еш­қан­дай өкпе жоқ, олар барын салды, жүлдеге деген талпынысы жарыс барысында ай­қын көрінді. Бұл жай ғана сәтсіздік деп ойлаймын, алдағы уақытта дайын­дыққа басымдық бе­ріп, жүл­делі орындардан көрінуге жұ­мыс жа­саймыз, – дейді Нұржан Іскендір.
Айта кетейік, бірінші орыннан кө­рінген Таң ауылының спортшы­ла­рына 50 мың теңге сыйақы мен арнайы диплом табыс етілді. Ал бі­лім ошағының спортшылары 30 мың теңгеге ие болса, Қаракеткеннен кел­­ген қатысушыларға 20 мың теңге бұ­йырды. Мұнан бөлек спорт сала­сының ардагері Мақсат Қарақұловтың шәкірті Жанқожа Қалиев «Ең жүй­рік спортшы» деген арнайы жүлде та­ғайындаған болатын. Оған жарыста шапшаң қимылымен көзге түс­­кен Асқар Қайратұлы лайық деп танылды.
Былтыр да жоғары деңгейде ұйым­­­­дас­тырылған ашық біріншіліктің биыл жалғасын тапқаны қуантады. Ар­дагер спортшының ұрпақтары ке­лер жылы да шараның жалғасын та­­ба­тынын айтып, спортшылардың көңі­лін бір демдеді. Тіпті олар алдағы жылы Мақсат Қарақұлов атындағы ашық біріншілікті облыстық деңгейде өткі­зуге бел буып отыр.

Кенжетай БАЛТАБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: