Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:20

«Ардагерлерді ардақтайық»: Партия ардагерлеріне құрмет көрсетілді

02.09.2022

540

0

«AMANAT» партиясы Теміржол филиалының «Жол бөлімішесі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» жоба аясында сала және партия ардагерінің үйіне барып, құрмет көрсетілді.

Теміржол саласының дамуына үлесін қосқан ардагеріміздің жастар тәрбиесінде қосқан өнегелі істерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында Оразбаева Назымхан ананың үйіне ардагерлер кеңесі, партия өкілі, кәсіподақ төрағасымен барып мерейлі жасымен құттықтады.

Партия әрі сала ардагері өткен күндерден естелік айтып, ой-пікірлерімен бөлісіп, ақыл-кеңесін берді.

«Теміржол саласындағы еңбек жолым тауар кеңсесінен басталды. Мектеп бітірісімен бірден жүк және багажды қабылдап тапсырушы қызметіне келдім. 40 жыл бір орында жұмыс жасап, сол қызметтен зейнетке шықтым. Дүниеге 5 бала әкелдім, жолдасымның денсаулығы сыр беріп біріңғай емде жүргесің , үй-жәй алуға мүмкіндігім болмады. 15 жылдан астам пәтерден- пәтерде сол 5 баламен ауысып жүрдім. Жолдасым өмірден озды. Тағдырдың салғанына көндім. Балаларымды жетілдіру үшін ретсіз жұмыстан қалмай, сұранбай, міндеттелген қызметімді абыроймен атқаруға бар күш-жігерімді салдым. Себеп-сылтау айтудан аулақ болып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытудан жалықпадым. Қаншама шәкірттер тәрбиеледім, қазірде басшылық қызметтерде жұмыстарын абыройлы атқарып жүр. Қарапайым қызметте болсамда ұзаө жылғы еңбек тәжірибелерім көп жерде кеңес беруде, маңызды шешімдер қабылдауда жарады. Соның арқасында теміржол тарапынан 4 бөлмелі үй алдым. Өмірге де теміржолға да өкпем жоқ. Қазір 14 немере 3 шөберенің әжесімін. Иә қазір қоғам өзгерді. Ел ертеңін еңселі ететін жастарға айтарым кезіккен қиындықтан қашпай , Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолында ортақ мақсатқа топтасып, ел игілігіне бағыттталған бастамаларды қолдаңдар. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық», – деді ардагер.

Мерейлі жасын ескеріп, елеп келгендерге алғысын білдірген ардагердің әділетті қоғам құрудағы берген кеңесіне бізде ризашылығымды білдірдік

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: