Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Дүйсенбі, 13 мамыр, 03:22

Астанадағы өрт ошағына төтенше жағдайлар министрі барды

19.06.2023

252

0

Астанадағы өрт ошағына төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов барды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Кешкі 18.30 жағдай бойынша өрт әлі сөндірілген жоқ. Тілсіз жау 15 га аумаққа жайылған. Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері өртті сөндірумен айналысып жатыр.

«Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов келді. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана орманы техникасы жұмылдырылды, қосымша қорғаныс министрлігінің 2 МИ-17 тікұшағы тартылды», – дейді ведомство.

Өрт сөндіру штабы құрылды. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.

«Құрметті тұрғындар, ТЖД және басқа да сенімді көздердің ұсыныстарын орындаңыз. Егер сыртта болсаңыз, түтіннен қорғайтын маска киген дұрыс. Түтіннің бөлмеге енуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабыңыз», – деп хабарлады ТЖД мамандары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: