Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 02:25

Ата-аналар өз ұсыныстарын жеткізді

30.01.2023

368

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Мырзабай ахун ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ата-аналармен жиналысs болып өтті. Аталған жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау.

«Мырзабай ахун ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Салима Мырзабекқызы төрағалық еткен жиналысқа мектеп оқушыларының ата-аналары және мұғалімдер қатысты. Ата-аналар оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты елді-мекендерді толығымен жарықтандыру, бала тәрбиесіне орай ғаламтор ойындарына шектеу қою, сонымен қатар, ғаламтор арқылы берілетін қаржыларға заңмен тию және қаңғыбас иттерге қатысты заңды қайта қарау бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: