Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Бейсенбі, 25 желтоқсан, 16:35

Ата Заң – Тәуелсіз елдің тұғыры

25.12.2025

7

0

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

Конституция күні — бұл тек заңды еске алу ғана емес, сонымен қатар Отанға деген құрмет, елге қызмет етуге деген жауапкершілікті сезіну күні.

         Біздің борышымыз – Ата Заңымызды құрметтеу, оның талаптарын орындау, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосу.

Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігін, егемендігін, халық бірлігі мен құқықтық тәртіпті бекіткен маңызды мемлекеттік мереке. 1995 жылы дәл осы күні жалпыхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданып, еліміздің дамуының құқықтық негізі қаланды.

Конституция – бұл тек заңдар жиынтығы емес, ол – мемлекет пен қоғамның, билік пен азамат арасындағы басты келісім, ел тірегі, халық бірлігі мен тұрақтылық кепілі.

 Онда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі нақты жазылған. Ата Заң әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Конституциясының негізгі қағидаттары — халық билігі, заң үстемдігі, адам құқықтарының үстемдігі. Бұл құндылықтар бүгінгі таңда елдің тұрақты дамуы мен өркендеуінің кепіліне айналды.

Ата Заңымыз – еліміздің бүгіні мен болашағын айқындайтын сенімді тұғыр.

 Конституция күні – әр қазақстандық үшін елге, заңға, әділдікке деген құрметтің белгісі.

        Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Ата Заңымыз берік болсын! 

                                                                         Аян АЛТЫНБАЕВ      

                                                                                Аудандық соттың әкімші басшысы

                                                                                                      «Қызылорда облыстық

                                                                                                       судьялар Одағының мүшесі»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: