Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сенбі, 04 мамыр, 14:04

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ, АЛДА ТҰРҒАН МІНДЕТТЕР ДЕ АЗ ЕМЕС

01.02.2023

425

0

ұрметті жерлестер! Күні кеше өздеріңізбен «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы ретінде әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстар туралы айтып өткен болатынмын. Бүгінде аудандық филиал халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелердің оң шешілуі аясында тиісті шешімдерді қабылдауда.
«Қостанайға көмек» акциясы бойынша ауданымыздан 2 тонна ақ күріш, 1 тоннаға жуық қажетті тұрмыстық заттар және қаржылай көмек берілді. Бұл жұмыстарға барша бастауыш партия ұйымының мүшелері, партия белсенділері және 7 шақырылымдағы облыстық, аудандық мәслихаттың экс депутаттары атсалысты.
Партиялық жобалар бойынша 2021/2022 жылдары бірқатар шаралар ұйымдастырылды және біршама жобалар жаңадан енгізілді. «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Тәрбие – ауыл ордасы» тақырыбында ауқымды шара ұйымдастырылды. Аталмыш шараның мақсаты – өмірдің қиын жағдайында қалған отбасы балаларымен және ауылда демалуға келген қала балаларына ұлттық құндылықтарымызды насихаттай отырып, балаларды еңбекке баулу және рухани демалыс ұйымдастыру. Бұнымен қоса «Жақсы келін – ырысың» тақырыбында жас келіндерге ұлттық құндылықты насихаттау және ұмыт болған дәстүрлерді жандандыру бойынша аудандық келіндер сайысы ұйымдастырылды. «Жастар Отанға», «Бақытты отбасы», «Ұлттық мұра», «Халыққа көмек», «Кедергісіз келешек», Ардагерлерді ардақтайық» және «TazaLike» партиялық жобалары аясында ауқымды өз жалғасын таба бермек.
2021/22 жылдары «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы ҚР Парламенті мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау, бүкілхалықтық Референдум және кезектен тыс ҚР Президентін сайлауда белсенділік танытты.
Құрметті достар! «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың өзекті мәселелері, экономиканың өсу қарқындарын жетілдіру, елді мекендер инфрақұрылымын әрі қарай дамыту бойынша жұмыстарын арттыра беретін болады.
ӨЗДЕМБАЕВ Жақсылық Нұрбайұлы,
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: