Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Жексенбі, 21 шiлде, 23:55

Атқарылған жұмыстар пысықталды

12.12.2023

262

0

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтің төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төртінші отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Тәуіпбаев пен кеңес мүшелері қатысты.

Кеңес отырысында екі мәселе қаралды. Алдымен аудандағы ана мен бала денсаулығы күн тәртібіндегі мәселелерге арқау болса, келесі кезекте ауданда жүргізіліп жатқан әлеуметтік бағдарламалар бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Бірінші мәселе бойынша аудандық ауруханасының бас дәрігері Еркебұлан Мақсұтов баяндама жасады.
– Медициналық қызметтің нәтижесін демографиялық көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. 2023 жылы 9 айда аудан бойынша 533 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 16,5 промильді құрады. Сәби өлімі 2023 жылы 9 айда 4 жағдай тіркеліп, 7,5 промильге құрады, өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 2,4 промильге жоғарылаған. Айта кетерлігі, ауданда соңғы 15 жылда ана өлімі тіркелмеген, – деді Еркебұлан Мақсұтов.
Кеңес отырысында ақсақалдар кеңесінің құрамы аудан тұрғындарының денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар кереғар пікір айтатынын тілге тиек етті. Осы ретте аурухананың бас дәрігері Еркебұлан Мақсұ­товқа бірнеше өзекті сауал қойылды.
Екінші мәселе төңірегінде аудандық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас­шысы Қанат Бөленбаев әлеуметтік бағдарламалар бойынша атқарылған жұ­мыстарға тоқталды.
– 2023 жылдың 1 желтоқсанына атаулы әлеуметтік көмек 242 отбасының 1424 мүшесіне 80,8 млн теңге және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 200 отбасының 374 баласына 12,5 млн теңге тағайындалып, 86,8 млн теңге төленді. 2023 жылдың 1 желтоқсанына атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан 63 отбасының 384 мүшесіне бас тартылды. Оның ішінде өз өтініші бойынша тоқтатылғандар 14, кедейлік шегінің мөлшерінен 40 отбасының табысы асып кеткен, 5 отбасы табысын жасырған, 4 отбасы комиссия шешімімен тоқтатылған, себебі 1-еуі ата-анасымен бірге тұратыны, 1-еуі 2 ірі қара малын жасырған, 2-еуі өтініште көрсетілген мекен-жайда тұрмайтыны анықталған, – деді Қанат Бөленбаев.
Жиын соңында кеңес мүшелерінің алдағы уақытта атқа­рылатын жұмыстарға қатысты ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: