Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

42°C

, Бейсенбі, 03 шiлде, 17:38

Аудан тұрғындарына адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл мәселелері түсіндірілді

03.07.2025

14

0

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменовтің қатысуымен адам саудасының алдын алу, балалар еңбегін заңсыз пайдалану мен мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мақсатында аудан тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Азамат Нұрлыбекұлы, Кіші кәсіпкер әйелдер қоғамының әлеуметтік қызметкері Жәнібек Тоқсанбайұлы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Оралхан Пазылханұлы қатысты.

Жиын барысында жұмыс тобының мүшелері аудан тұрғындарына заңсыз адам әкетудің, мәжбүрлі еңбек пен балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың құқықтық салдары, оны болдырмау жолдары және адам саудасынан сақтану тәсілдері туралы кеңінен мәлімет берді.

– Әр азамат өз құқығы мен қауіпсіздігін білуі тиіс. Адам саудасы — халықаралық деңгейдегі ауыр қылмыс, оның алдын алу — баршамыздың ортақ міндетіміз. Әсіресе балалар еңбегін заңсыз пайдалану деректеріне мүлдем жол берілмеуі керек, – деді аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде.

Кездесу барысында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар мен үнпарақтар таратылып, заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда қайда және қалай хабарласу қажеттігі түсіндірілді.

Жұмыс тобы алдағы уақытта да ауданда жүйелі түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесулер өткізу жоспарын талқылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: