Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Бейсенбі, 17 сәуiр, 22:22

Аудандық емхананың қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуіне партиялық бақылау жасалды

26.02.2025

237

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық маслихат депутаты Досымов Қайрат, аудандық маслихат депутаты Қуат Ахетов, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының консультанты Әбдісаттарұлы Жангелді, Жалағаш аудандық емханасында болып, емханаға қарасты аумақ тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне және олардың жабдықталуына жоспарлы түрде партиялық мониторинг жұмыстарын жүргізіп, партиялық бақылау жасады.

Мониторинг барысында сала маманына дәрі-дәрмектерді үйге алдырту мүмкіндіктері, тегін дәрі-дермектерді алу заңдылықтары және дәрілердің түрлері мен сақтау мерзімдеріне қатысты сұрақтар қойылды.

2025 жылға тапсырыс барлық сумма -348877848,05 теңгені құраса, оның ішінде ГОБМП -236 169 926,59 тг, ОСМС (дети) – 9 297 510,76 тг, ОСМС ( взр) -103 410 410,70 тг, қосымша тапсырыс барлық сумма – 0тг құрайды.

Мониторинг барысында аудандық емханада қажетті дәрі – дәрмектердің жеткілікті және талап сай сақталып жабдықталуы анықталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: