1 шілдеден бастап елімізде Парламент қабылдап, Мемлекет басшысы қол қойған Әлеуметтік кодекске сәйкес, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы төлемге енгізілген өзгеріске қатысты төмендегідей түсіндірме береді:
Жаңа құжат қолданысқа енген күннен бастап, азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы төлемге енгізілген өзгерістер жайлы нені білуіміз керек?
Әлеуметтік кодекстің 244 бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға төленеді. Бұған дейін Республикалық бюджет туралы заңда жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің(АЕК) 15,7 еселенген мөлшеріндегі(3450х15,7=54165т.)төлем тағайындалса, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған бір жолғы төлем айлық есептік көрсеткіштің 35 еселеген мөлшерінде, яғни 3450х35=120750 теңге мөлшерінде төленуде.
Егер қайтыс болған азамат Ұлы Отан соғысының ардагері болса, бұл төлем 36,6 АЕК (126 270 теңге)болды.
Жасы бойынша зейнетақы төлемдерiн немесе мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда республикалық бюджет қаражаты есебiнен жерлеуге бiр жолғытөлем беріледі.
Осы Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары(бұданәрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің(бұданәрі – Әлеуметтік кодекс) 242-бабы 5 тармақшасына, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында,еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардан емес еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының(бұданәрі – Заң)10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді. Жерлеуге біржолғы төлем алуға өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей жүргізіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы(бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал)арқылы өтініш қабылдау жолымен жүргізіледі;Ұялы байланыс абоненттік құрылғысы(проактивті қызмет)Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 3 (үш)жұмыс күні. |
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу(қажеттіқұжаттар):
- Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариаты куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде өтініш береді.
- Жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат немесе жерлеуді жүзеге асырған заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама(куәлік)немесе дара кәсіпкердің патенті (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін) (сәйкестендіру үшін).
- Қайтыс болу туралы куәлік немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат(салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады).
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, қайтыс болу туралы куәлікті немесе қайтыс болу фактісін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Қызметті портал арқылы алу
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым»батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ(электрондық цифрлық қолтаңбамен)қол қою.
- Жеке кабинете («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы(проактивті қызмет):
- Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан басқа да қажетті мәліметтерді алғаннан кейін, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы банктік шоттың нөмірін растау немесе ұсыну туралы sms-хабар жібереді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенім хат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қол хат негізінде беріледі.
Порталда жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының«жекекабинетіне»жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!