Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Сейсенбі, 07 мамыр, 12:27

Азия ойындарының жүлдегерлері қанша сыйақы алады

12.09.2023

318

0

Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Спортшыларымыз жақын күндері Қытайға аттанады

Туризм және спорт министрлігі алдағы жазғы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай ынталандыру мөлшерін жариялады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр», – деп жазылған хабарламада.

Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген.

Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Өз тарихында 29-шы мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40-тан астам спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.

Құрлық біріншілігіне 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.

Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жақын күндері Қытайға аттанады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: