Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:22

БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында шахматтан турнир өтеді

11.12.2023

316

0

Қазақстан шахмат федерациясы Тәуелсіздік күні қарсаңында БАҚ өкілдері және блогерлер арасында Media Chess Cup турнирін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 500 000 теңге. Жеңімпаз 500 000 теңге немесе желтоқсан айының соңында Самарқанд қаласында өтетін рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатына жолдама-грант иегері атанады.

Жарыс швейцариялық жүйеге және ФИДЕ ережесіне сәйкес 7 тур бойы «Swiss-Manager» компьютерлік жеребесін қолдана отырылып өткізіледі. Қатысушыға партия соңына дейін 10 минут беріледі, бұған әр жүріске 5 секунд қосылады.

Байрақты дода 15 желтоқсан сағат 11:00-15:30 аралығында Алматы қаласы Қожанов көшесі, 2/2 мекенжайында өтеді. Турнирдің басты серіктесі – Freedom Broker компаниясы.

Қатысушыларды тіркеу 2023 жылдың 12 желтоқсаны сағат 12.00-де аяқталады. Өтінімдер yernur.sovetkali@kazchess.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: