Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Қазақстан 2030» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ботагөз Жақанованың төрағалығымен партия мүшелерінің қатысуымен жиналыс болып өтті.
Аталған жиналыстың күн тәртібінде 2 мәсел қаралды. Партияның жаңа Саяси тұғырнамасының жобасы бойынша Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ахан Кенжебаев таныстырып өтті.
Партия мүшелері күн тәртібіндегі Саяси тұғырнаманың жобасына өз ұсыныстарын жеткізді. Ана мен баланы қолдау, жастар саясатын жетілдіру, білім саласы мен ұлттық құндылықтарды күнделікті өмірге енгізу бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
Аталған басқосуда бастауыш партия ұйымының төрағасы Ботагөз Жақанова партияның аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясына делегаттар сайлау бойынша дауысқа салды. Партия мүшелерінің дауыс беруімен делегаттар сайланып, күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!