Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Жұма, 26 сәуiр, 20:44

Бастауыш партия ұйымының жиналысы өткізілді

24.01.2023

292

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Аққұм ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының жиналысы болып өтті. Аталған жиналыстың күн тәртібінде аумақтық партия филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясына делегаттарды сайлау мәселесі мен депутаттық өкілеттік еткен жылдарындағы атқарған жұмыстары туралы Гүжайна Айтжанованың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіне қойылған алғашқы мәселе бойынша партия мүшелерінің дауыс беруімен «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясына делегаттар сайланды.
Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, экс депутат Гүлжайна Айтжанова соңғы 2 жылдағы депутаттық қызметінде аудан көлемінде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Гүлжайна Айтжанқызы тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының орындалуы, экс депутаттардың қоғамдық қабылдаулары, депутаттық сауалдар бойынша айтып өтті. Жиынға қатысушылар атқарылған жұмыстардың нәтижесіне оң тілектерін білдіріп, ел игілігі жолындағы атқарған әрбір депутаттың жұмысына ризашылықтарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: