Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Жұма, 06 желтоқсан, 18:06

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

14.12.2023

466

0

Қазақстанның басым бөлігіне, солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, күн көбінесе жауын-шашынсыз, алайда аязды болады, деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі. Қазақстан бойынша жел күшейеді.

Түнде солтүстікте, Алматы, Жамбыл облыстарындағы таулы аудандарда, Жетісу облысының таулы аудандарында 33-38°С аяз болады.

Түркістан облысының таулы асуларында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында кей уақытта өте күшті жел соғып, жылдамдығы секундына 30 м/с-ке жетеді немесе одан да жоғары болады деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: