Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 03:14

Бектөре Сұлтан жаңа қызметке тағайындалды

21.07.2022

673

0

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Абай облыстық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Бектөре Жеңісбайұлы Сұлтан тағайындалды.

Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа бастығын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов таныстырды.

Бектөре Сұлтан 1974 жылы 2 наурызда Шымкент облысы Түлкібас ауданы Ванновка ауылында дүниеге келген. 1995 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, 2003 жылы ҚР ІІМ Академиясын бітірген. Білімі заңгер, ішкі істер органдары басқару саласының магистрі. Құқық қорғау органдарында 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істеп келеді. Қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ-да тергеушісі болып бастады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: