Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Жексенбі, 19 мамыр, 02:20

Беларусь Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын үш зауыт салады

05.05.2024

1130

0

Ауыл шаруашылығы саласында Қазақстан-Беларусь бірлескен жобаларын жүзеге асыру жоспарланып жатыр. Республиканың бірқатар өңірінде бірнеше жоба бірден іске қосылады, деп хабарлайды «АПК Новости» ақпарат агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, мамыр айының соңында Минскіде Беларусь пен Қазақстанның сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кездесуі өтеді. Кездесу қарсаңында кәсіпкерлердің қатысуымен іскерлік ынтымақтастық кеңесі болады.

Басылымның хабарлауынша, Қазақстанда бірқатар кооперациялық жоба іске қосылады.

Мәселен, Қостанайда ауыл шаруашылығы техникасына арналған кабиналар шығаратын заманауи зауыт ашылса, Ақмола облысында сепкіш шығаратын кәсіпорын іске қосылады. Қызылорда облысында трактор мен комбайн өндірісі жолға қойылады.

«Беларусь тарапы кооперациялық тұрғыдан ынтымақтастық үшін көптеген жобалар бар деп санайды. Беларусь республикасының агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өсіру және қайта өңдеу бойынша бірқатар маңызды жобасы бар», – деп түсіндірді агенттік.

Былтыр күзде екі елдің премьер-министрлері Қазақстанда Беларусьпен бірлескен ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жобалары үшін зор әлеует барын айтқан болатын. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінде ынтымақтастық екі елдің экономикасына үлкен әсер ететіні айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: