Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Жұма, 19 сәуiр, 06:32

Берекесі жарасқан бақытты әскери отбасы

11.09.2022

315

0

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылық құрамы ұжымдағы көп балалы ана аға сержант Манат Орынбекованы Отбасы күнімен құттықтап, департамент басшысының арнайы алғыс хатын табыстады.

Мемлекет басшысы қоғамдағы негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына, мемлекет отбасыдан басталатынына ерекше назар аударуда. Осыған сәйкес, жыл сайын қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде Отбасы күні атап өтiледi.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Алмат Жақыпов және осы мекеменің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі инспекторы, Қарулы күштердің қызметкері Мөлдір Акбар аталған мереке аясында өз әріптестері департамент штабының мемлекеттік қызметтер көрсету қызметінің сержанты – қызмет бастығы аға сержант Манат Орынбекованың шаңырағына келіп, Отбасы күнімен құттықтады.

Манат 2008 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде қызмет атқарып келеді. Осы қызмет атқарған жылдар барысында ол өзінің табандылығы мен жақсы тәртібі арқасында көпке үлгі бола білген Отан қорғаушы. Қазіргі таңда сүйікті жұбайы екеуі 3 ұл 2 қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана.

«Департамент ұжымы атынан Сізді және отбасы мүшелерін Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қорғаныс министрлігінің қолдауымен баспаналы болып отырған қуаныштарыңызға да ортақпыз. Шаңырақтарыңыздан шаттық, бастарыңыздан бақ кетпесін», – деді подполковник Алмат Жақыпов.Аға сержант Манат Орынбековамен отбасы мүшелері арнайы құттықтап келген әскери әріптестеріне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Департаменттің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі басшылық жоспарларына сәйкес, жеке құрамдағы көп балалы және жас отбасыларға әр түрлі әлеуметтік, отбасы тұрмыстық және өзге де мәселелерді шешу кезінде көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: