Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сейсенбі, 16 сәуiр, 07:19

Бибісара Асаубаева FIDE әлемдік рейтингінде үздік бестікке кірді

02.05.2023

237

0

Шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева FIDE әйелдер арасындағы әлемдік шахмат рейтингінде блиц санатында бесінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық шахмат федерациясының жаңартылған рейтингі бойынша 19 жастағы қазақстандық Бибісара Ассаубаева блиц категориясы бойынша әлемнің үздік шахматшылары тізімінде жоғарылады. Ол 2461 ұпай жинап, FIDE рейтингінің бесінші сатысына көтерілді. Сонымен қатар Бибісара блиц санатындағы әлемнің ең мықты 20 шахматшысының ішіндегі ең жас шахматшы.

Бибісара Асаубаеваның бұл көрсеткіші оның әлемдік шахмат аренасындағы соңғы жетістігімен байланысты болды. Ол екі жыл қатарынан блиц бойынша әлем чемпионы атанды. 2023 жылы Нью-Делиде (Үндістан) өткен Гран-приде Б.Асаубаева үздік үштіктің тізімінде болды. Одан кейін Қазақстан мен әлем құрамалары арасындағы кездесуде Бибісара төрт дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасындағы ФИДЕ рейтингінің көшбасшысы қытайлық Хоу Ифанды екі рет ұтты.

20 сәуірде Спорт және мәдениет министрі Асхат Оралов Б.Асаубаеваға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері жоғары атағын берді. Ол бұл атаққа ие болған тұңғыш қазақ шахматшысы болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: