Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жұма, 18 қазан, 08:57

Білікті бапкер

23.12.2023

382

0

Астанадан ақжолтай хабар жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Жаңа Қазақстанның Жыл Адамы» атты республикалық байқау өтті. Оған аудандық «Наркескен» спорт клубының спорт нұсқаушысы Азамат Зәуребаев қатысқан болатын.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жи­­­­налған спортшылар ел игілігі үшін атқарып жүрген еңбек­­те­рінің же­місін көріп, түрлі ма­рапатқа ие болды. Солар­дың бірі – қоғам дамуына қос­қан ерекше еңбегі үшін Азамат Зәуребаев «Жаңа Қа­зақ­стан­ның жыл адамы» ор­де­німен мара­патталды.
Бұл хабарды ести салы­сымен Бұқарбай батыр ауы­лы­ның спорт­­шысына хабарластық. Ауыл тұр­ғындары бүгінге дейін бір­неше байрақты бәсекеде топ жарған, ша­ғын ауылда қа­­жырлы ең­бек етіп, ауыл жас­тарын спорт­қа баулып, өзі сияқты сала саң­лақ­тарының көп­теп шы­ғуына жү­йе­­лі жұмыс жа­саған Азамат бұл марапатқа әбден лайық. Себебі 2014 жылы аталған ауылға спорт нұс­қаушы болып орналасқан ол қан­шама спорт түрінен коман­да шы­ғарып, жекелеген спорт­шы­ларды да дайындап, жеңіс тұғырынан көрінуіне ықпал еткен.
Бұған дейін де кейіпкеріміз Ел Президенті Қасым-Жомарт То­қаевтың жастарға деген қол­дауының аясын­да, елімізге ең­бегі сіңген ауыл жастарының жұ­мы­­сын бағалай отырып, Қа­зақстан ауылдарының үз­дік жас­­тарын анықтау мақсатында «Тәуел­сіз ел жас­­тары» қоғамдық қо­­ры­ның ұйымдастыруымен өт­кен республикалық байқауға қа­­­тысып, арнайы «Құр­мет» гра­мо­­тасы мен төсбелгісін иелен­ген еді.

Мұнан бөлек аталған байқауға үздік маман қатыс­тырғаны үшін «Наркескен» спорт клубының басшысы Ғалымжан Дастанұлына «Тәуелсіз ел жастары» қо­ғамдық қорының директоры Б.Айтқарымовтың алғыс хаты табысталды. Былтыр Азамат Таңсықбайұлы Ас­тана қаласында «Ауыл алаңынан – олимпиада тұғы­ры­­на» атты республикалық байқауда «Ең үздік спорт нұс­­қаушы» номинациясымен марапатталып, аудан абы­­ро­йын асқақтатқан болатын.
– Ауыл тұрғындарын спортпен айналысуға тарту, мектеп оқушыларының спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйым­дастырып келеміз. Жүйелі жұмысымыз оң нәтижесін беріп, саланың дамуына өз септігін тигізуде. Бұл тұрғыдан спортшыларға «Наркескен» спорт клубының директоры Ғалымжан Ержанов барлық жағдай жасап, мәселелеріміздің оң шешімін табуына ықпал етуде. Басшылық тарапынан ауыл спортшыларына сенім мен қолдау барда спорт саласын дамытуда қажырлы еңбек етуден шаршамаймыз, – дейді Азамат Таңсықбайұлы.
Азамат – гір спортынан Қазақстан чемпиона­тының қола жүлдегері. Бала күнінен осы спорт түріне баулыған шәкірттерінің бірі Ислам Мәжиев жуырда Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен гір спортынан әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ Азамат дайындаған ко­манда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен облыстық спартакиадада батыр атындағы ауыл­дың спорт­шылары жүзуден көш бастаса, дәл осы спар­такиада бойынша мылтық ату сайысынан да командалық есеп бойынша чемпион атанып, 4 мәрте жүлделі орындар иеленген.
Ал ұлттық ат спорты ойындарының бірі көкпардан ауыл жастарының қарқынды дамығанына аудан хал­қы куә. Бұқарбай батыр ауылының шабандоздары был­тыр Қазалы ауданында өткен «Алтын күз» ауыл спортшыларының спартакиадасында аталған ұлттық спорт түрінен күміс жүлдені қоржынға салды. Облыстық спартакиадада шахматтан қарсылас шақ келтірмеген Гау­һар Жұмабаева да Азаматтың шәкірті болатын.
– Азамат – еңбекқор, жұмысына жауапкершілікпен қа­райтын спорт нұсқаушылардың бірі. Оның бұқаралық спортты дамытудағы еңбегі зор. Ауыл жастарының ба­сын қосып, спортқа баулып жүрген азамат. Ол – тек спорт нұсқаушы ғана емес, гір спортының да қола жүл­дегері. Жастайынан мықты жаттықтырушыдан тәлім алған жеткіншектер тек шымыр болып қана қой­май, олардың арасынан болашақ чемпиондар да суы­рылып шығатынына үмітіміз зор. Мәселен, бала күнінен Аза­маттың шәкірті болған Ислам Мәжиев – қазіргі таңда әлем чемпионы. Бұл Азаматтың талмай еңбек етіп, арманын алақанында, мақсатын уысында ұстай ала­тын­дығын білдіреді. Алдағы уақытта да Азамат жеңісті жолын бұдан әрі жалғастырып, ауданның бұқаралық спор­тының дамуына өз үлесін қоса береді деп сенемін, – дейді «Наркескен» спорт клубының директоры Ғалым­жан Ержанов.
Иә, табандылығы мен қарым-қабілеті мол Азамат­тың өзі де, шәкірттері де алдағы уақытта әлі талай додаларда топ жарып, көш бастайтыны сөзсіз.

Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: