Өткен тәулікте республика бойынша 189 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
1 шілдедегі мәлімет бойынша, 788 адам коронавирус инфекциясынан (–741+ және 47 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 115 пациент стационарда, 673 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында: 6 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. Вирус жұқтырғандар, әсіресе екі қалада – Нұр-Сұлтан мен Алматыда көбейіп барады.
Бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов әзірге шектеу шараларын енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ деп мәлімдеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!