Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Дүйсенбі, 18 қараша, 21:39

Бір түнде полиция кальян шеккен 10 тұрғынға айыппұл салынды

18.11.2024

30

0

Өткен демалыс күндері Қостанай облысында ойын-сауық мекемелерінде қорқор шеккені үшін 10 адам жауапкершілікке тартылды. Қостанай мен Рудныйда полицейлер түнгі клуб пен кафеде кальян шеккен 10 заң бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олардың барлығы 15 АЕК (55 мың теңге) көлемінде айыппұл арқалады. Сондай-ақ бұзушылықтар тіркелген мекемелердің үш иесіне өз мекемелерінде кальян шегуді ұйымдастырғаны үшін 20 АЕК (77 мың теңге) айыппұл салынады.

Жыл басынан бері Қостанай облысында 200-ге жуық құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Қазақстанда оқу орындары, медициналық мекемелер, мейрамханалар, кинотеатрлар сияқты қоғамдық орындарда, сондай-ақ көлік пен вокзалдарда темекі бұйымдарын, электрондық темекі мен кальян шегуге тыйым салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: